Спорт • 09 Қараша, 2021

Күміспен оралды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словенияның Лашко қаласында үстел теннисінен WTT Contender сериясына жататын ірі халықаралық турнир аяқталды.

Күміспен оралды

Қазақстанның бірінші ракеткасы, ITTF рейтингінде 46-сатыға жайғасқан Кирилл Герасименко аталған жарыста та­бысты өнер көрсетті. Бастапқы бәсе­келерде мажарстандық Бенц Майрош, жапониялық Хирото Шинозука және ұлыбританиялық Пол Дринкхолдан басым түскен ол жартылай финалда қытайлық Лю Диншоны қапы қалдырды. Финалда жерлесіміздің жолы әлемдік рейтингте 12-орында тұрған әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы Лян Цзинкуньмен қиысты. Бұл тартыс 4:0 есебімен Қытай өкі­лінің пайдасына шешілді. Біздің Кирилл Словения сапарын күміс медальмен аяқтады.