Елорда • 09 Қараша, 2021

Биыл 7,5 мың үлескер баспаналы болады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы елордалық мәслихатта өткен тұрақты комиссияның отырысы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Сейтқұлов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 7,5 мың үлескер баспаналы болады

Сондай-ақ ол аталған құрылыс нысандары аяқталуы үшін қажетті қаражаттың бөлінгенін атап өтті.

«Жылдың соңына дейін үлескерлік құрылыспен салынып жатқан 18 проблемалық нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Ол үшін қажетті қаражаттар бөлінген. Осылайша, 7,5 мың үлескер өздерінің жаңа баспанасының кілтін иеленеді», деді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, елордадағы проблемаларды шешу үшін арнайы жол картасы әзірленген. Ол 107 тармақтан тұратын 13 негізгі бағытты қамтиды. Оның орындалуы үшін 2021-2025 жылдарға арнап 878,8 млрд теңге қарастырылған.