Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы үш жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайын жекешелендіру және бағалау сараптамасының қорытындысы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаровтың мәліметіне сүйенсек, әуежай құнын бағалау кезінде ешқандай қателік кетпеген.
«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес биыл әуежайды сенімгерлік басқаруға беруді жоспарлап отырмыз. Тәуелсіз бағалаушылар жұмыс жүргізді. Алғашқы келісімшарт биыл наурыз айында жасалып, әуежай құны 7,3 млрд теңге деп бағаланды. Стратегиялық нысан екенін білеміз. Сондықтан әкімдікпен қатар әуежай да бағалау жүргізді. Екінші бағалауда 6,8 млрд теңгеге есептелді. Сөйтіп 7,3 млрд теңге болып бекітіліп, үш жылға сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді комиссия қабылдады. Осы уақыт аралығында инвестордың жұмысы бағамдалады. Егер жұмысты жүргізе алмаса, кері қайтарып алу қарастырылған», деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.
Айтып өтейік, Ақтөбе әуежайының құнына күмән келтірген депутаттар ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтан әуежайды бағалау құнын қайта тексеруді сұрады. Сөйтіп бағалау қорытындысына сараптама жүргізілді. 27-қыркүйек күні жұмыс басталып, 21-қазанда қорындынды шығарылды. Бағалау құнында ешқандай қателік кетпеген.
«Енді арнайы комиссия отырысы өтіп, кейін ғана тендер жарияланады. Қазір сату емес, үш жылға сенімгерлік басқаруға беру маңызды. Қазір «сатып аламын» деген нақты инвестор жоқ. Барлық инвесторды осы сатылымға қатысуға шақырамын. Келесі аптада ресми хабарландыру берілмек», деді Р.Хамбаров.
Оның айтуынша, бағалаушының өзі келмесе де өкілі әуежайды фото, видеоға түсіріп алған. Бұл заң талаптарына қайшы іс емес. Әрі сенімгерлік басқаруға алатын компанияға бірқатар талап қойылады. Руслан Хамбаров қарапайы адамдар үшін билет бағасы көтерілмейді деген сенімде.
Айта кетейік, биыл Ақтөбеде 12 нысанды жекешелендіру жоспарланған. Көбі жылу, суға жауапты коммуналдық мекеме.
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Ұқсас жаңалықтар