Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті тарапынан ағымдағы жылдың 8-17 қарашасы аралығында жүргізушілер арасында жол жүру тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлерімен 710 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды, оның 1-н қоғамдық көлік жүргізушісі жасаған және 53 жүргізуші техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқарған, 25 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар, 11 жүргізуші қарсы жолаққа шығып, 16 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 16 жүргізуші ұсталып, көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ 6 азаматтың көлік жүргізгені анықталып, айып тұрағына 52 автокөлік жеткізілді.
Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралдарын басқарумен байланысты бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударады. Қабылданған шараларға қарамастан, кейбір азаматтар мас күйінде көлік жүргізуді жалғастыруда, осылайша өз өмірлеріне, сондай-ақ жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндіруде.