Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Жол сапасын бақылайды

110 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Петропавлдағы Nur Otan партиясы филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін құрылған «Қызылжар – Адалдық алаңы» қоғамдық бақылау ұйымының белсенділері облыс аумағында жөнделген автожолдың сапасын тексерді. Олардың қасына жол активтерінің Ұлттық сапа орталығының, облыстық автомобиль жолдары мен жолаушы тасымалдау басқармасының мамандары да болды.

Жол сапасын бақылайды

Мониторинг жасаушылар Жам­был ауданындағы «Преснов-Жекекөл-Қайранкөл» бағы­тын­да­ғы 17 шақырымдық жолдың сапасын тексерді. Бұл жолдың таңдалуы тегін емес. Kaz Fortis ЖШС жөндеген бұл жол 2019 жылы салынып біткен. Сол жылы «Сапалы жол» жобасының шең­бе­­рінде сапасы тексерілгенде көп­теген жетіспеушілік бары анық­талған. Істің аяғы сотқа же­тіп, мердігер компанияға 2021 жылдың қазан айының аяғына дейін жетіспеушіліктерді жою міндеттелген болатын. Бұл жолы сол міндеттердің орындалуы қа­да­ғаланды.

Арнаулы аспаппен асфальт­тың қалыңдығы мен төсел­ген материалдардың сапасын тексеру барысында жаңадан төселген жолдың стандарттарға сәйкес емес екендігі анықталды. Жұқа төселген асфальт әлден жарылып жа­тыр. Сонымен қатар бұрын қай­та төселсін деген жерлер сол қал­пында қозғалмаған.

Жолды жөндеуге тапсырыс беруші мониторингтік топ­тың дерегі бойынша соттың шеші­мін орындамаған мердігерге жетіс­пеушіліктерді жою үшін рес­­ми түрде шектеулі уақыт бер­ді. Егер ол орындалмаса жол жөнделмеген әрбір күн үшін 10 АЕК көлемінде өсім салы­натыны ескертілді. Бұл сот­тың шешімінде бұрын қарастырылған болатын. Егер сот шешімі орындалмаса мердігер әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапқа тартылатын болады. БАҚ пен қоғамдық орындар өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы жол жөндеу жұмыстарын қадағалайтын болады.

Жол салу мен жөндеу жұмыс­та­рының сапасына осындай бақы­лау­лар жасалмаса – басқа амал жоқ.

 

Солтүстік Қазақстан облысы