Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Шымыр полицей

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір полицейлерінің қатарында спортты жанына серік еткендер аз емес. Соның бірі – полиция подполковнигі Айбек Тілешев.

Шымыр полицей

Атырау қалалық полиция басқармасындағы тергеу бөлі­мін басқаратын ол жақында Түркияның Белек қаласында өткен Ironman 70.3 Turkey триат­лон жарысына қатысты. Жүзу, жүгіру және велоспорт түр­лері біріктірілген триатлонда атыраулық полицей 113 ша­қы­рымдық қашықтықты 5 сағат 32 минутта бағындырды.

– Қазір танымал болған Ironman 70.3 Turkey – дүние­жү­зілік триатлон корпорациясы өткізетін ұзақ қашық­тық­­тағы халықаралық сайыс. Триатлон жарыстарының сериясы әсіресе, жастар арасында қызығушылық туды­рып отыр. Бұл сайыстың ерекшелігі, әрбір жеке жарыс үзіліссіз тәртіппен өткізілетін үш кезеңнен тұрады. Бұл – 1,9 шақырымға жүзу, 90 шақырымдық тас жол бойымен велосипедпен жүру, сон­дай-ақ 21,1 шақырымды жарты­лай марафондық әдіспен жүгіру. Мен бұл жарысқа Аты­рау қала­сын­да екі жыл бұрын құ­рылған Atyrauironteam әуес­қой триат­лон клубының құрамы аты­нан қатыстым, – дейді Айбек Тілешев.

Енді полиция под­пол­ков­нигі Ironman триатлон се­риясының то­лық сайысы­на қатысуды жос­парлап отыр. Онда су айды­нын­да 4 шақы­рымға жуық жүзу, велосипедпен 180 шақы­рым­ды жүріп өту және 42 ша­қы­рым­дық марафон қашық­ты­ғына жү­гіру қажет.

 

Атырау облысы