Әлем • 10 Қараша, 2021

ЕО: Лукашенко мигранттарды пайдаланғанды доғаруы керек

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мигранттардың екі үлкен тобы Беларусь пен Польша шекарасынан өтіп кеткен. Әйткенмен олардың біразы кері қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕО: Лукашенко мигранттарды пайдаланғанды доғаруы керек

Иә, бір емес екі бірдей ірі мигранттар тобы Польшаға Беларусь аумағынан кірді. Кем дегенде бірнеше ондаған адамнан тұратын топтар Крынок пен Беловежи аймағындағы қоршауды бұзып өткен. Шекарадан ел аумағына заңсыз өткендердің бірнеше ондағаны кері қайтарылды. Күштік құрылым қызметкерлері қалғандарын іздеуді жалғастыруда.

Шекарадан басып кіру әрекеттері 8 қараша күні де болған.  Әйткенмен, «Кузница» өткізу пунктінің маңында қазіргі уақытта жағдай тынышталған.

Еуропалық Одақ бұған дейін Беларуссияға қарсы 30-ға жуық жеке және заңды тұлғаларға бағытталған жаңа санкциялар енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл тізімге Сыртқы істер министрі Владимир Макей мен Беларуссияның «Белавиа» Авиакомпаниясы кіруі мүмкін.

ЕО мен НАТО Президент Александр Лукашенконы мигранттарды батысқа қысым жасау құралы ретінде пайдаланды деп айыптайды. Тағы бір санкциялар пакеті ЕО-ның пікірінше Минскіге қатысты шектеулер үшін кек алу мақсатында мигранттардың келуін ұйымдастырған Беларусь шенеуніктеріне қарсы бағытталған.

Германия Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Хайко Маас өз кезегінде ЕО Польша шекарасына мигранттардың келуіне байланысты Беларусь билігіне қарсы санкцияларды қатайтуға дайын екенін айтты.

«Біз мигранттарды мақсатты әкелуге қатысатындардың барлығына санкциялар саламыз. Лукашенко жоспары жұмыс істемейтінін түсінуі керек. Айтпақшы, бұл болашақта экономиканың басқа салаларындағы санкциялардың арта түсетінін жоққа шығармайды», дейді ол.