Қазақстан • 10 Қараша, 2021

Асқар Мамин қазақстандықтарға алғыс білдірді

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық халық санағының алдын ала қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Мамин қазақстандықтарға алғыс білдірді

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов халық санағын өткізу жөніндегі жұмыстың аяқталғаны туралы баяндады.

Халықтың 60%-ға жуығына дәстүрлі санақ жүргізілді. Елімізде тұңғыш рет халық санағы электронды түрде өткізілді.

Халықтың 40%-дан астамы санаққа sanaq.gov.kz сайтында электрондық санақ парақтарын өздері толтыру арқылы қатысты. 

Халық санағына санақ персоналының 25 мыңға жуық адамы, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері мен орталық аппаратының қызметкерлері қатысты. Алдын ала қорытындысы барлық тексеру аяқталғаннан кейін желтоқсан айының соңында шығарылады.

Үкімет басшысы күрделі эпидемиологиялық жағдайларда өткен ұлттық халық санағы мейлінше сапалы ұйымдастырылғанын атап өтті.  

Премьер-Министр қазақстандықтарға осы маңызды науқанға белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері мен осы науқанға жұмылдырылған азаматтарға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.