Қоғам • 10 Қараша, 2021

Бас прокуратура Ресей нөмірімен жүрген көліктерге қатысты пікір білдірді

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ресей нөмірімен жүрген көліктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратура Ресей нөмірімен жүрген көліктерге қатысты пікір білдірді

«Мәселе ол көліктерді тіркеуде ғана емес. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше кейбір көлік құралдарына Ресей Федерациясында іздеу жарияланған, ал кейбір көліктерді тіркеуден мүлдем шығарып тастаған. Он емес, мыңдап саналады. Демек ондай көліктерге жай нөмірді таға салған. Ресейде де тіркеуде жоқ, криминалдық және ұрланған көліктер ғой», деді Шындалиев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, еш жерде тіркелмеген және ұрланған көліктерді пайдалану заңға қайшы.

«Ол көліктерді пайдаланып отырған адамдардың әрекеті заңсыз болып саналады. Бәріміз – Қазақстан азаматымыз. Заңға бағынуымыз қажет, заңды құрметтеуіміз керек. Заңда көлікті тіркеуге қою қажет деп жазылған ба, оны тіркеуге қою керек. Оны халықтың қауіпсіздігі үшін жасайды ғой», деп атап өтті Шындалиев.

Осы орайда бас прокурордың орынбасары Ресей нөмірімен жүрген көліктерді себепсіз тоқтатпау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, адам өз еркімен заң талаптарын орындап, еш жерде тіркелмеген көлікті заңдастыруы қажет.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше