Оның талабына сәйкес футболшылар жаттығу басталғанға дейін бір жарым сағат бұрын базаға келіп, жаттығуға дайындық жұмыстарын жүргізуі керек. Сондай-ақ олар түскі және кешкі асты бірге ішуі тиіс. Ал бапкерлер штабының мүшелері жаттығудан екі сағат бұрын базадан табылуға міндетті. Одан бөлек кезекті ойынға 48 сағат қалғанда футболшылардың үйіне кеш баруына тыйым салынбақ. Қала сыртына шыққысы келсе, бапкерден рұқсат сұрайтын болады. Сонымен қатар тәртіпті бұзған футболшыларға айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда айыппұл көлемі артады.
Испанияның «Барселона» футбол клубының су жаңа бас бапкері Хави команда футболшыларына қатаң талап қоюға ниеттеніп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді
Әдебиет • Бүгін, 09:20
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше