Коронавирус • 10 Қараша, 2021

Қазақстанда маска режимі қашан алынады

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова қоғамдық орындарда медициналық бетперде кию мәселесін қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда маска режимі қашан алынады

«Маска кию міндетті болып табылады. Вакцина салдырған адамдар да ауруы мүмкін екені белгілі. Дегенмен, вакцинацияланған азаматтар әлі де инфекцияға бейім емес және ауруға оңай төзеді. Сондықтан бүгінде әлем бойынша ешкім маска тағу режимін алып тастаған жоқ», деп хабарлады Есмағамбетова.

Оның айтуынша, әлемде ешкім қорғаныс маскаларынан бас тартуға болатын нақты күнді айта алмайды.

«Енді ешкім сізге нақты күнді айтпайды, бұл көп факторлы әрекеттердің нәтижесі. Біз неғұрлым баяу вакцинацияласақ, вирустың таралуы соғұрлым көп болады және мутация мүмкіндігі де жоғары болады. Ал вирустың мутациясын бүгінде болжау мүмкін емес. ДДСҰ вирусты қауіпті мутацияларға бөледі, оларды бақылау қажет», деп түсіндірді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, ДДСҰ ұжымдық иммунитет деңгейі бойынша көрсеткіштерді қайта қарады, оны қалыптастыру үшін халықтың 60%-ын емес, 80%-ын вакцинациялау қажет. Сонда ғана адамдар қалыпты өмірге орала алады.

«Біз бәріміз маскалардан шаршадық, бірақ, бұл коронавирустан қорғану шараларының бірі», деп түйіндеді Есмағамбетова.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50