«Күдікке ілінгендердің 40 пайыздан астамы – мемлекеттік органдардың өкілдері. Өндірісте жатқан 192 қылмыстық істің ішінде 82 пайызы бойынша тергеу аяқталды. Оның 45-і сотқа жолданды. Қылмыстық істер бойынша қабылданған шешімдер аясында мемлекет бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді», деді департамент басшысы.
Шыңғыс Қабдула Нұр-Сұлтанда жемқорлық қылмыстары қай салада жиі тіркелетінін айтты.
«Бұл санды салаларға жіктесек, ең көп қылмыс құқық қорғау блогына тиесілі. Бұл салада 28 факті анықталды. Денсаулық сақтау саласында – 10, құрылыс саласында – 6, энергетика саласында - 8, білім беруде – 3 қылмыс тіркелді. Салық және мәдениет саласында да осындай тенденция байқалып отыр. Жалпы қылмыстық жауапқа 47 тұлға тартылды. Оның ішінде республикалық маңыздағы 3, қала деңгейіндегі 2 лауазымды тұлға бар. Қала деңгейіндегі 30 адамға бас бостандығынан айыру, айыппұл сияқты түрлі жазалар тағайындалды. Оның арасында 20 адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды», деп толықтырды ол.