Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрлыбай Аққұлов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

«Бүгін, 10 қарашада Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов өз қалауы бойынша қызметінен босатылды. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Нұрлыбай Аққұлов денсаулығына байланысты қызметінен кетуді ұйғарған.