Қазақстан • 10 Қараша, 2021

Қазақстан мен Сербия қарым-қатынасы нығаяды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының Сыртқы істер министрі Никола Селаковичпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Сербия қарым-қатынасы нығаяды

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылап, Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай өзара байланыстарды жандандыруға өзара ниет білдірді.

Қазақстан Елшісі Сербия тарапына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» бастамасын қолдауға және тиісті серіктестік бағдарламасының Хартиясына қосылуға дайындығы үшін ризашылығын білдірді.

Министр Н.Селакович өз кезегінде Елші М.Атамқұловты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Сербияға Косово және Метохия мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, ҮАК кезекті отырысын өткізу, нормативтік-құқықтық базаны кеңейту және өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.