Еліміз банктері туралы жалған ақпарат таратқандардың есімі белгілі болды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Соңғы күндері жұртшылыққа ұялы телефон немесе кейбір сайттар арқылы еліміз банктерінің жабылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Мұның ақыры банктердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, көпшіліктің алаңдатушылығын туғызған болатын. Осыған орай, банктердің жауапты тұлғалары ел ішін араңдатқандардың есімін білуді сұрап, құқық қорғау органдарына талап-арыз түсірді.
Прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруі нәтижесінде, «Signum» заң фирмасы» ЖШС қызметкерлері Әбілқайыр Нақыпов, Виктория Трофимович пен Әйгерім Адасбаеваның банк туралы жалған ақпарат таратуға тікелей қатысы болғаны анықталды. Оларға дәйексіз хабарды бұрын «Банк Центр Кредит» банкінде қызмет істеген Дархан Сабденов айтқан екен. Оның осы әрекетіне байланысты іс қозғалып, 20 тәулікке қамауға алу туралы сот шешімі шықты. Ал Алматы қаласында орналасқан «Банк Центр Кредит» өздеріне келген шығынды өндіру жөнінде сотқа талап-арыз жазды.
Тексеру барысында жалған ақпарат таратқан Д. Сабденовтің үстінен бұдан бұрын Қылмыстық кодекстің 251-бабының 2- бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Алайда, құқық қорғау қызметкерлерінің айтуы бойынша, бұл іс заңға қайшы қысқартылған. Сондықтан аталған іс қосымша тергеуге жіберілді. Ал жоғарыда аттары аталған қалған араңдатушыларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Алматы қалалық прокуратурасы
Фото:Telekomza.ru.

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13