Әлем • 10 Қараша, 2021

Римде Қырғызстан елшілігі ашылды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италия астанасы Римде Қырғызстан елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Egemen.kz Орталық Азиядағы елдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Римде Қырғызстан елшілігі ашылды

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың Италияға ресми сапары аясында өткен елшіліктің ашылу салтанатына Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Марина Серени де қатысты.

Іс-шараға Италияның әртүрлі қалаларынан келген қырғыз диаспорасының жетекшілері, қырғыз студенттері және Италия азаматтары да келді. Қазақбаев итальяндық тарапқа және Италия Сыртқы істер министрлігіне Қырғыз Республикасының елшілігін ашуға көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысын білдірді. 

Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары өз тарапынан екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың және оны жаңа деңгейге шығарудың маңыздылығын атап өтті.