Хоккей • 10 Қараша, 2021

Канадалық шабуылшы «Барысқа» оралды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гагарин Кубогының иегері канадалық шабуылшы Линден Вей қазақстандық «Барыс» сапында қайта ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канадалық шабуылшы «Барысқа» оралды

Спортшымен жасалған келісімшарт маусымның соңына дейін жалғасады.

2017/18 жылғы маусымда Линден Вей бұрынғы басшылықпен қақтығысқа байланысты командадан кетіп, екі маусымда ЦСКА-да өнер көрсетті, онда ол көшбасшылардың бірі болды.

Ал 2020 жылы Линден СКА-ға ауысты.

ҚХЛ-дағы 30 жастағы Линденнің жалпы статистикасы: 258 матчта 196 (57+139) ұпай.