Қазақстан • 10 Қараша, 2021

ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бастаған қазақстандық әскери делегация қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Отырыс барысында әскери-саяси жағдай және оның Достастық елдерінің қауіпсіздігіне әсері, әскери білім беру, кадрлар даярлау, гуманитарлық минасыздандыру, әуе қорғанысының біріккен жүйесі мен оның әуе-ғарыштық қорғаныс міндеттерін шешуге бейімделуі мәселелері қаралды.

Достастық мемлекеттерінің қорғаныс министрлері 2021 жылғы Армия халықаралық ойындарының қорытындылары туралы баяндамаларды тыңдап, әскери қызметшілердің әскери-кәсіби шеберлігін арттыру туралы пікір алмасты. Отырысқа қатысушылар коронавирустың таралуына қарсы күресте радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерін қолдану тәжірибесін талқылады.

Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын және кезекті отырыстың алдын ала күн тәртібін талқылады.