Елорда • 11 Қараша, 2021

Елордада Ресейден әкелінген көлік иелеріне арналған Сall-орталық ашылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан полициясы Ресей Федерациясынан әкелінген автокөлік бойынша азаматтарға кеңес беру үшін Сall-орталық нөмірін іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Ресейден әкелінген көлік иелеріне арналған Сall-орталық ашылды

Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу мәселелері бойынша ақпаратты жедел ұсыну үшін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде Call-орталықтар ашылды.

Жүргізушілер Call-орталықтарға қызығушылық танытқан ақпаратты алу үшін жүгіне алады. Телефон арқылы көлік құралын пайдалану және тіркеу туралы ақпарат алуға, сонымен қатар көліктің РФ-те тіркелгенін тексеруге болады.