Аймақтар • 11 Қараша, 2021

Таразда жаяу жолаушыны автобус қағып өлтірді

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында автобус жаяу жолаушыны қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда жаяу жолаушыны автобус қағып өлтірді

«11 қараша күні таңертең Жамбыл және Төле би даңғылдарының қиылысында маршруттық автобустың 22 жастағы жүргізушісі көлік құралының қозғалысына қатысты жолды оңнан солға қарай кесіп өткен 58 жастағы әйелді қағып кетті», деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Соқтығысу салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.