Президент • 11 Қараша, 2021

Мемлекет басшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

Қазақстан Президентінің Ыстанбұл қаласына жұмыс сапары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуден басталды.

Мемлекет басшысына Түркі кеңесінің алдағы саммитіне дайындық барысы, оның ішінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелер және жоғары деңгейдегі кездесудің қорытындысы бойынша қабылданатын шешімдер жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ Бағдат Әміреев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұйымның қызметі мен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің бүгін өткен кеңесінің қорытындысы туралы айтты.

Президент саммитке дайындық жұмыстарының барысы көңілден шығатынын атап өтіп, Түркі кеңесін одан әрі дамыту жөнінде маңызды ұсыныстар берді.