Медицина • 12 Қараша, 2021

Ұлғайған ісікті сылып тастады

199 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Ұлттық нейрохирургия орталығында өте күрделі нейро­хи­рур­гия­лық оталар күнделікті жасалады. Осындай ота­ла­рдың бірі миында көлемі 7х7 см глиальды ісігі бар 44 жастағы ер адамға жасалды. Бұл операция жоғары технологиялық медициналық қыз­метке кіреді. Ота МӘМС шең­берінде квота бойынша па­циентке тегін жасалды. Мұндай хирургиялық араласу кезінде оң нәтижеге тек заманауи диагностикалық және опе­рациялық жабдықтары, білікті мамандары бар жоғары маман­дан­дырылған орталықтарда ғана қол жеткізуге болады» деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Ұлғайған ісікті сылып тастады

Отадан бұрын науқаста бас ауруы, бас айналу, көру қабі­ле­тінің төмендеуі, есте сақтау қабі­летінің төмендеуі, сол жақ аяқ-қолдардағы әлсіздік, сон­дай-ақ конвульсиялық ұста­ма­лар туралы шағымдар болған. Дәрігерлердің айтуынша, ісіктің мұндай мөлшері өте үлкен және науқастың денсаулығына зор қауіп төндіреді. Науқасқа кли­никалық декомпенсация саты­сын­да мүйізді денеге өсуі­мен оң жақ маңдай бөлі­гі­нің алып глиальды ісігі диаг­но­зы қойылды. Ми патоло­гия­ла­рының нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігерлері «Оң жақ маңдай-төбе-самай сүйегінің краниотомиясы, МРТ-трактография және нейронавигацияны қолдана отырып, глиаль­ды ісікті микрохирургиялық жол­мен алып тастау» отасын жа­­са­ды. Алты сағаттық ота сәтті өтті, ісік толығымен алынып тас­­талды.

«Ісіктің мөлшері үлкен болды, ол миды қатты қысқан. Бізге сау тіндерді миллиметр бо­йынша бөлуге тура келді. Соны­мен қатар  біз мидың өмір­лік маңызды тамыр­ла­рын зақымдамауға мән бер­дік. Бұл жерде осы аймақ­тар­ға зиян келтірмеу аса ма­ңыз­­ды. Ісікке на­зар аудара оты­рып, қимыл-қоз­ғалысқа жа­уап беретін аумақ­тарды, сон­дай-ақ үлкен ар­те­рияларды аса сақтықпен ай­на­лып өттік. Сондай-ақ ісікті жою дәл­ді­гі МРТ – трак­то­гра­фияның көме­гімен алдын ала жасалған коор­ди­нат­тар­ға байланысты болды. Бұл мидың өткізгіш жолдарының (ақ зат трактілері) барысы мен құрылымдық өзгерістерін көр­се­тетін жаңа әдіс, сонымен қатар аэронавигациялық жүйе де қолданылды. Осындай тех­но­­логиялық жабдық арқылы жоға­рыда аталған құрылымдар мен аумақтарға қол тигізбедік және ісікті кейіннен пациентке неврологиялық мұқтаждық туындатпайтындай етіп алып тастай алдық», деді пациентті емдеуші дәрігер Мұратбек Тілеубергенов.

Айта кету керек, бұл операция жоғары технологиялық ме­дициналық қызметке кіреді. Ота МӘМС шеңберінде квота бойынша пациентке тегін жасалды. Мұндай хирургиялық араласу кезінде оң нәтижеге тек заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтары, білікті мамандары бар жоға­ры мамандандырылған орта­лық­тарда ғана қол жеткізуге бо­­ла­ды. Отаны көп жылдық тә­­жі­ри­бесі бар дәрігерлер жүр­гізді. Атап айтқанда, Ми пато­ло­­гияларының нейрохирургия­сы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, «ҰНО» АҚ профессоры Нұржан Рыскелдиев және нейрохирург-дәрігер Мұратбек Тілеубергенов, сондай-ақ анес­тезиолог-реаниматолог дә­рі­гер Марс Нұрдинов және ота мейіргері Роза Шауетова қа­тыс­ты.

Ұлттық нейрохирургия ор­та­­лы­ғының кәсіби маман­да­ры­ның тізімін бұдан әрі де жал­ғастыруға болады. Бұған кли­ни­каның әлеуметтік желідегі па­рақшаларында пациенттер қал­дырған алғыс пен лебіздер де дәлел.

Еске сала кетелік, МӘМС енгі­зілгелі бері медициналық қыз­меттердің барлық түрін, соның ішінде қымбат тұратын жо­ғары технологиялық меди­ци­налық қызметтерді алудың қолжетімділігі мен мүмкіндігі артты. МӘМС жүйесі, жарна көлеміне қарамастан, сақтан­ды­рыл­ған азаматтардың барлығына бірдей, тең дәрежеде қызметтер пакетіне қол жеткізуіне негіз­дел­ген. Бұл ретте міндетті ме­­­ди­­циналық сақтандыру бо­йын­­ша көмекке жүгінген кезде пациентке медициналық қыз­мет­тердің көлемі мен құнына шек­теу қойылмайды.