Қазіргі таңда Алматы қаласында коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны миллионға жетіп жығылса, миллионыншы болып екпе алған азамат – №22 қалалық емханаға тіркелген 29 жастағы Самал Оқапова. Ол БЦС сырқатына шалдықса да, денсаулығы үшін екпе салдырған.

«Вакцинаны өз еркіммен алдым. Ешкім мені мәжбүрлеген жоқ. Таңертең емханаға келіп, екпе алғаннан кейін жарты сағат бойы дәрігерлердің қарауында болдым. Аллергия, басқа да кері әсері бола ма деп ойлап едім, ештеңе байқалмады. Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Ойламаған жерден вакцина алған қаланың миллионыншы тұрғыны болғаныма қуаныштымын. Әр адам азаматтық парызы ретінде екпе алғаны дұрыс», дейді көңілі жайланған Самал.
Алматы қаласында 7 қарашаға дейін 1-компонентті 1 002 324 адам, 2-компонентті 940 084 адам алды. Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер 121 018 адамды құрайды.
Бүгінде қаладағы медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарлар мен сауда ойын-сауық орталығында 137 егу пункті жұмыс істейді. Бұл ретте вакциналау пунктінде суық тізбектің режімін сақтау қатаң бақыланады, бұл вакцинаның тиімділігіне әсер етеді. Сонымен бірге Pfizer вакцинасын алуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни мұздатқышты орындар даярланып, логистика және вакциналарды сақтау алгоритмдері пысықталды, әр кезеңде жауапты тұлғалар анықталды. Оған қоса медициналық қызметкерлер оқытылуда. Қала әкімдігі екпе қарқынын одан әрі арттыру жұмыстарын жалғастырды. Айталық, 10 қарашада 1-компонентпен 1 468 адам, 2-компонентпен 2 030 адам вакциналанды.
Бүгінгі таңда Алматының медицина ұйымдарында, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакциналау пункті жұмыс істейді. 205 вакциналау бригадасында 733 медицина қызметкері жұмылдырылған.
АЛМАТЫ
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар