Спорт • 12 Қараша, 2021

Жергілікті өрендер озды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте спорттық гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста жергілікті өрен­дердің мерейі үстем болды.

Жергілікті  өрендер озды

Бұрымдылардың бәсекесінде Көркем Ербосынқызының өнеріне көрермендер құлшына қол соқты. Шымкенттік ару керме және бөрене жаттығуларында алдына жан салмай, алтыннан алқа тақты. Көпсайыстың қорытындысы бойынша да Көркемге тең келер ешкім табылмады. Күміс және қола медальды алматылық Анфиса Иванова мен тал­дықорғандық Александра Шаметько ие­ленді. Сондай-ақ Анфиса қолды тіреп секі­руде, ал Александра еркін жаттығуда бас жүлдені олжалады.

Ерлердің көпсайысында шымкенттік Диас Тойшыбек топ жарса, оның жерлесі Әлішер Тайбазаров екінші орынды еншіледі. Үшінші орында – Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Дмитрий Патанин. Жекелеген жаттығуларда мына гимнасшылар жеңімпаз атанды: Еркін жаттығу – Дмитрий Патанин, ат пен қоссы­рық – Диас Тойшыбек, шығыршық – Ақбар Джалали, керме мен қолды тіреп секіру – Эмиль Ахмеджанов.