Токиода өтетін бокс кеші туралы ақпарат тараған сәтте-ақ жапон жігіті үнсіз қалған жоқ.
«Геннадий Головкин – мен бәрінен жоғары қоятын және қатты құрметтейтін боксшы. Әлемге өзімнің мықты екенімді дәлелдеу үшін оны жеңуім керек. Осы жекпе-жекке келісім бергені үшін оған зор құрметімді білдіремін», деді Риота.
29 желтоқсан күні Токиода өтетін бұл жекпе-жекті әлемнің 200-ден астам мемлекеті тікелей эфирден көрсетпек. Алайда әзірге қазақстандық қай телеарна бокс кешін жанкүйерлер назарына ұсынатыны белгісіз.
29 желтоқсан күні жапон боксшысы WBA Super, Геннадий Головкин IBF және IBO белбеулерін бәске тігеді. Отандасымыз 2020 жылдың желтоқсанынан кейін бірінші рет рингке көтерілсе, Мурата 2019 жылдан кейін алғаш рет шаршы алаңға шықпақ.