Қазақстан • 12 Қараша, 2021

Елден бензин шығаруға тыйым салынады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрі, ҚР ҰҚК төрағасы, ҚР Қаржы министрі және ҚР Ішкі істер министрі елден бензин мен дизель отынын шығаруға тыйым салатын бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елден бензин шығаруға тыйым салынады

«Қазақстан Республикасының аумағынан бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынады», делінген құжатта.

Бірлескен бұйрық 2021 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.