Экономика • 12 Қараша, 2021

«7-20-25» бағдарламасы жалғасады

1168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл «Баспана хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы тоқтап, «7-20-25» ипотека бағдарламасын іске асыруды жалғастырады деп хабарлайды Egemen.kz.

«7-20-25» бағдарламасы жалғасады

Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұзақ мерзімді тұрғын үй кредиттеуді ынталандыру үшін басталған «Баспана хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы биыл аяқталатынын айтты.

Бүгінгі күні осы бағдарлама шеңберінде шамамен 600 млрд теңге бөлініп, бұл қаражат толық игерілген.

«Ұлттық Банк 2022 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын және 7-20-25 жеңілдігі бар ипотека бағдарламасын іске асыруды жалғастырады. Қазіргі кезде Қарапайым заттар экономикасы шеңберінде 940 млрд теңгеге қарыз берілді, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге сомасынан 400 млрд теңгеден астам сома бөлінді», дейді Е. Досаев.

Белгілі болғандай, Ұлттық банктің Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу және Жұмыспен қамтудың жол картасын бағдарламалары биыл аяқталады.