Әлем • 12 Қараша, 2021

Тұтқындарды күйзелістен шығарудың тың тәсілі

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд елінің Әділет министрлігі патшалықтың белгілі бір түрмелеріндегі тұтқындарды итпен «тәрбиелеу» жұмысын қолға алмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұтқындарды күйзелістен шығарудың тың тәсілі

Үй жануарлары жаңа иелерін күйзелістен шығаруға және сотталғандар арасындағы қоғамға қарсы мінез-құлықты жоюға көмектеседі.

Бұл – қанатқақты жоба. Қазіргі уақытта жаңа жобамен Нахонратчасима, Районг, Клонгхай және Хаобин түрмелері қамтылатын болады. Түзету департаменті иттерді қолдану арқылы терапияның тиімділігін тексереді.

«Осылайша тұтқындар қамаудан шыққаннан кейін қоғамға оралуға психологиялық тұрғыдан дайындала алады» деп болжайды министрлік.

Әділет министрі Сомсак Тепсутиннің айтуынша, министрлік жоба үшін иттер іздеп жатыр. Тұтқындардың үй жануарларымен қанша уақыт өткізетіні әлі белгісіз. Тұтқынға оның мінезі мен темпераментіне сәйкес келетін ит алынады деп хабарланған. Сонымен қатар сотталған азаматтарға жануарларға дұрыс қарау және оларға күтім жасау үйретіледі.

Егер мұндай бастама сәтті болса, билік оны елдің басқа түзеу мекемелеріне де таратуға ниетті.