Саясат • 12 Қараша, 2021

Садыр Жапаров түрік кәсіпкерлерін Қырғызстанға шақырды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 11 қарашада Ыстанбұлда түрік бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесуінде оларды Баткен аймағына инвестиция салуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстан мемлекеті басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Садыр Жапаров түрік кәсіпкерлерін Қырғызстанға шақырды

Жапаров түрік кәсіпкерлеріне аймаққа ерекше мәртебе берілгенін айтты.

С. Жапаровтың айтуынша, Баткен облысына ерекше мәртебе беру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты халықтың өмір сүру сапасын жақсартады. Бұл бизнесті дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға және аймақтық дамуға мүмкіндік береді.

Президент ел заңнамасына сәйкес облыс аумағында арнайы жеңілдетілген салық барын және инвестициялық режимдер жұмыс істейтінін қосты. 

Оның түсіндіруінше, өңірге инвестиция салатын кәсіпкерлер салықтың төрт түрінен босатылады: мүлік салығы, жер салығы, табыс салығы және сату салығы. Бұл ретте өнеркәсіптік, пайдалы және қажетті тауарларды әкелу кезінде кедендік баж салығы 0 пайызға дейін, ал табыс салығы 10 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетіледі. 

Сондай-ақ Президент Қырғызстанның өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті, ауыл шаруашылығы секторын, сондай-ақ тау-кен және жеңіл өнеркәсіпті, гидроэнергетиканы және басқа да өзара мүдделі өнеркәсіп салаларын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.