Футбол • 12 Қараша, 2021

Қазақстан – Франция ойынына швециялық төрешілер тобы төрелік етеді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Франция-Қазақстан кездесуіне төрелік ететін төрешілер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстан – Франция ойынына швециялық төрешілер тобы төрелік етеді
Қос құраманың ойынында Гленн Нюберг бастаған Швеция төрешілер тобы қызмет атқарады.
 
Рефери: Гленн Нюберг;

Реферидің көмекшілері: Махбод Беиджи, Андреас Седерквист;

Төртінші рефери: Каспар Шеберг (барлығы – Швеция);

Реферидің видеокөмекшісі: Камфус Йохем;

Реферидің видеокөмекшісінің ассистенті: Сандер ван дер Эйк (оба – Нидерланды).

Айта кетерлігі, Франция - Қазақстан кездесуі 13-інен 14-ші қарашаға қараған түні сағат 01:45-те «Парк де Пренсте» өтеді.