Әлем • 12 Қараша, 2021

Нурмагомедов бес жылға сотталуы мүмкін

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Bellator» ұйымының аралас жекпе-жек шебері Усман Нурмагомедов бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нурмагомедов бес жылға сотталуы мүмкін

UFC-дің экс чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың інісі  кеше полиция қызметкерін қағып кеткен болатын.

Қазір Усман Нурмагомедовтың үстінен билік өкілінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес жарақат салғаны үшін арнайы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталмыш бап бойынша ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 200 мың рубль айыппұл төлеуі мүмкін.