Видео • 12 Қараша, 2021

Түркі кеңесі басшыларының VIII саммиті басталды

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Еркіндік және бостандық» аралында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі басшыларының VIII саммиті басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркі кеңесі басшыларының VIII саммиті басталды

Саммит соңында Түркі кеңесі елдерінің басшылары ұйымның болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдайды. 

Алдымен Түркіменстанның Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіндегі бақылаушы мәртебесі талқыланады. Бұл ұйымға түркітілдес мемлекеттердің барлығын қамтуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, ұйымның атауын Түркі мемлекеттері ұйымы деп өзгерту жоспарлануда. Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің жарғысы жаңартылады. Әріптес елдер мен бақылаушылардың мәртебесі де нақтыланады. 

Сондай-ақ  «2040 тұжырымдамасын» бекіту жоспарлануда. Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дайындалған бұл құжат 2040 жылға дейінгі ынтымақтастықтың негізін құрайды.

Саммит барысында Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Алиев Түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталды.