Спорт • 13 Қараша, 2021

Александр Недовесов Словакиядағы турнирдің финалына шықты

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Недовесов Словакиядағы турнирдің финалына шықты

Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда үндістандықтар Шрирамбалай Нараянасвами - Дивиж Шаранмен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Недовесов пен Молчанов 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Қарсыластары 2 эйспен шектелді. А.Недовесов пен Д.Молчановтың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.