Аймақтар • 15 Қараша, 2021

26 млн теңге жымқырған колледж бухгалтерінің ісі сотқа жолданды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті Ақпараттық технологиялар колледжінде ақша жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 млн теңге жымқырған колледж бухгалтерінің ісі сотқа жолданды

Колледждің бас бухгалтері Ю. Безпалай өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иелену бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырды. Ол колледжге жалған жұмысқа орналасу үшін таныстары мен туыстарының арасынан адамдарды тартып, оларға заңсыз жалақы төлеп, өзінің шотына аударды», деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Сот шешімімен Безпалай 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесіліп, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

«Әлеуметтік жәрдемақылар мен еңбек ақыларын төлеуге немесе балалар мекемелеріне азық-түлік сатып алуға арналған қаржы маңызды экономикалық және әлеуметтік мәнге ие», деп қосты агенттік.