Қоғам • 15 Қараша, 2021

Қазақстанда 14 жасырын есірткі зертханасы анықталды

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2 мыңнан астам есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде есірткіні өткізудің 1300 фактісі және аса ірі мөлшерде 360-тан астам есірткі сақтау фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 14 жасырын есірткі зертханасы анықталды

«Заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі, оның ішінде 5 кг астам героин тәркіленді. Шамамен 9,5 тонна марихуана, 380 кг гашиш және 110 кг синтетикалық есірткі мен сегіз ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобы мен 14 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды», деп нақтылады ол.

Министрлік еліміздің барлық вокзалдарында «Есірткісіз болашаққа» республикалық акциясының басталуын жариялады.

Акцияның мақсаты – азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы хабардар ету.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қазан айында Қазақстанда синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін жаза қатаңдатылды. Тіпті бір грамм «синтетика» үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.