Президент • 15 Қараша, 2021

Президент Ұлттық қоғамдық кеңестің алтыншы отырысына қатысады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Ұлттық қоғамдық кеңестің алтыншы отырысына қатысады

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 

«
Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда. Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді», деп жазды Берік Уәли.

Президенттің баспасөз қызметі 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады.