БАҚ өкілдерімен кездесуде Премьер-Министр елдегі коронавирусқа қатысты жағдай жақсарып келе жатқанын айтты.
«Бүгінде «қызыл» аймақта екі өңір – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Вакцинацияға келер болсақ, 8,5 миллион адам бірінші компонентті алды. Екінші компонентті - 7 миллион 800 мың адам. Ересектер туралы айтатын болсақ, бірінші компонентті 75 пайызы, екінші компонентті 69 пайызы салдырды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар біз қазір вакцина ала алатындардың санатын кеңейттік - бала емізетін және жүкті әйелдер, сондай-ақ 12-ден 18 жасқа дейінгі оқушылар қосылды», деді Асқар Мамин.