Үкімет • 15 Қараша, 2021

Асқар Мамин «Сбербанкпен» жасалған меморандумға қатысты пікір білдірді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде Сбербанкпен жасалған меморандумға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Асқар Мамин «Сбербанкпен» жасалған меморандумға қатысты пікір білдірді

«Тағы да қайталап айтқым келеді: бірінші кезекте біз үшін жеке деректерді қорғау мен ақпараттық қауіпсіздік басымдықта болады. Тек қана «Сбер» платформасы бізге кодтарды алуға және кодтарды ақпараттық қауіпсіздік органдарында сақтауға мүмкіндік береді. Яғни шын мәнінде біз жеке деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге кепілдік береміз. Және әрине ең басты шарт – біздің әрі қарай да цифрлық трансформациялануымыз. Бізде Қазақстанда 400-ге жуық ақпараттық жүйе бар, олардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі төмен деңгейде, деректер айырмашылығы бар және бұл әрдайым тиімді бола бермейді. Платформалық шешімдер арқылы біз бұл мәселені шеше аламыз деп үміттенеміз», деді А. Мамин.

Үкімет басшысы бұл жұмысқа жергілікті қазақстандық IT-сектор да тартылатынын атап өтті.

«IT-сектор мен қосымшаларды дамыту үшін біз міндетті түрде өзіміздің IT-секторды тартамыз. Сондықтан біздің азаматтарымызда цифрлық тәуелсіздіктің жоғалуы немесе жеке деректердің қолды болуы жөнінде алаңдаушылық болмауы тиіс. Бұл үшін біз жауаптымыз. Үкімет жауапты. Және біз бұл міндетті қамтамасыз етеміз. Бірақ мемлекетіміздің одан әрі дамуы тұрғысынан, цифрлық трансформация тұрғысынан бұл жай ғана қажеттілік. Біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек және серіктес ретінде бүгінде «Сбер» тобымен жұмыс істеп жатырмыз», деді Асқар Мамин.