Аймақтар • 15 Қараша, 2021

Шымкентте оқушыларға вакцина салу басталды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап шымкенттік оқушыларға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу басталды. №14 емдеу орталығының мамандары мектептердегі егу бекетінде вакцинациялау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте оқушыларға вакцина салу басталды

Шымкентке Pfizer вакцинасының 46 800 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын. Екпе егілетін тұрғындарға қаланың медициналық ұйымдарында, ал жасөспірімдерге білім беру ұйымдарында ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің ерікті келісімінен кейін жүргізіледі.

Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар аумақтық емханаларда вакцина салдыра алады.

Ал, мектептерде вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін 140 егу бекеті ұйымдастырылған.