Бұл туралы Хабар24 жазады.
Науқастардың 90 проценті елдің солтүстігінде тіркелген. Бір ғана Нью-Делиде 1 жарым айдың ішінде 2700 тұрғын дене безгегіне шалдыққан. Бұл қаңтар мен қыркүйек аралығында ауырған адамдар санынан 5 есе көп. Үкімет 9 штатқа медицина топтарын жіберді.
Сарапшылар індеттің таралуын жауын-шашынның әдеттегіден көп түсіп, соның салдарынан шыбын-шіркейдің қаптап кеткенімен түсіндіреді. Қазанда Нью-Делиде соңғы 61 жылда жаумаған мөлшерде ақ жауын құйған.
«Дене безгегін жұқтырғандарда қан жасушалары мен тромбоциттер саны азайып жатыр. Бұл өлімге әкелетіндей аса қауіпті белгілер емес», дейді медицина сарапшысы Анил Виз.