Үкімет • 16 Қараша, 2021

ЖОО түлектерін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін дамыту керек - Асқар Мамин

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ЖОО түлектерін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖОО түлектерін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін дамыту керек - Асқар Мамин

«Университеттерге заң жүзінде академиялық және басқару дербестігі берілді. Сонымен қатар мамандарды даярлау сапасын одан әрі арттыру, ол үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігі тетігін енгізу қажет. Білімді сапасыз берген 15 университет жабылды. Студенттердің білімін тексеру арқылы оқыту нәтижесіне қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды»,  деген Үкімет басшысы түлектердің білім деңгейі нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына сай болу керектігін еске салды.

«Еңбек министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мамандарды даярлау сапасына негіз болатын жаңа кәсіптік стандарттарды жаңарту және әзірлеу бойынша жұмысты жандандырсын. Түлектерді сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін дамыту, Ұлттық біліктілік жіктегішін жаңарту қажет. Пандемия қашықтан оқыту форматын дамытудың жоғары оқу орындары үшін де маңыздылығын көрсетті. Сондықтан бұл бағытты заң жүзінде реттеу қажет», деді Үкімет басшысы.