Коронавирус • 16 Қараша, 2021

Алексей Цой QazVac-ты сатып алуға қанша ел ниет білдіргенін айтты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын шет елдерге жеткізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алексей Цой QazVac-ты сатып алуға қанша ел ниет білдіргенін айтты

«Иә, біз қазір мұндай ақпаратты барлық елдерге жолдадық. Біздің елшілік мұны жоспарлап отырғанымызды хабарлайды. Бірақ, бірінші кезекте, біз Қазақстанның қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіспіз. Алдағы уақытта сыртқы нарықтарға шығамыз. Өтініштер бар, қазір пысықталуда. Бұл кезеңде QazVac вакцинасы аймақтарға енгеннен кейін, біздің азаматтар оған өте белсенді түрде егіледі. Қазір біз өз қажеттіліктерімізді ел ішінде қамтамасыз етеміз», деді Алексей Цой Үкімет отырысы аясында.

Сонымен қатар министр QazVac-ты сатып алуға қанша ел ниет білдіргенін айтты.

«Жабық форматтағы мәселе пысықталуда. Келіссөздер жүргізілуде, әзірге нақты келісімдер жоқ. Көптеген елдер хабарласып, қызығушылық танытып, вакцина туралы ақпаратты, Қазақстанда вакцинацияның қалай өткенін, қандай нәтижелер алғанын сұрайды. Бұл жұмысты біз жүргізіп жатырмыз», деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.