Қазақстан • 16 Қараша, 2021

Биыл Қазақстанға 7,2 мың адам қоныс аударды

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы тоғыз айда Қазақстаннан 25,3 мың адам көшіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Биыл Қазақстанға 7,2 мың адам қоныс аударды

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында елге тұрақты тұруға 7246 адам көшіп келсе, 25 322 азамат елімізден көшіп кеткен. Көші-қонның айырымы - 18076 адамды құрады. Көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттері ішінде болып жатыр.

«ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2% және 86,0% құрады», деп жазылған статистикалық мәліметте.

Ал ел ішінде қоныс аударатындар саны былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2%-ға артқан. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (22346 адам), Нұр-Сұлтан (21718 адам), Шымкент (9568 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (248 адам).