Елбасы • 17 Қараша, 2021

Елбасы Ядролық қарусыздану жаһандық форумын елордада өткізуді ұсынды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қарусыздану жаһандық форумын елордада өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы Ядролық қарусыздану жаһандық форумын елордада өткізуді ұсынды

 «Әлемдік қоғамдастық ядролық қауіп-қатермен бетпе-бет келгендіктен бірігуі қажет. Ядролық қаруды таратпаудың шынайы жұмыс істейтін тетіктерін әзірлеу қажеттігі баяғыда-ақ пісіп-жетілді. Бұл ретте айрықша жауапкершілік «ядролық бестік» елдерінде жатыр. Бірнеше жыл бұрын, нақтырақ айтқанда «Азия-Еуропа» конференциясында мен барлық ядролық мемлекеттердің қатысуымен стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды жалпыға бірдей қысқартудың нақты жоспарын әзірлеуді ұсынған едім. Оны БҰҰ қамқорлығымен қабылдауға болар еді», деп еске алды Елбасы «Астана клуб - 2021» отырысында.

ҚР Тұңғыш Президентінің атап өтуінше, жоспарда жаппай қырып-жою қаруын сатып алуға және таратуға қатысты қатаң санкциялар қамтылуы тис.

«Бұл тұрғыда әлемнің танымал 70 саясаткері қолдау білдірген Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем жаһандық альянсы көшбасшыларының қызметі айрықша мәнге ие бола түседі. Альянс мен ұсынған жоспарды талқылау және әзірлеу үшін орталық алаң әрі қозғаушы күш бола алар еді деп ойлаймын. Осыған орай Қазақстан астанасында Ядролық қаруды тараптау және қарусыздану жөніндегі жаһандық форум өткізуді ұсынамын. Обама Президент болған кезде жыл сайын біз осы тақырыпқа қатысты жиналып, мәселелерді талқылайтын едік. Қазір мұндай алаң жоқ. Мен оны жаңартуды ұсынамын», деді Нұрсұлтан Назарбаев.