Аймақтар • 17 Қараша, 2021

Атырау университетінде М.Дорофеевтің аудиториясы ашылды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде Дорофеев Михаил Викторович аудиториясының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау университетінде М.Дорофеевтің аудиториясы ашылды

Іс-шара Халықаралық студенттер күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бастамасымен іске асырылды.

Айта кетейік, Михаил Дорофеев - аталған университеттің түлегі және Атырау қаласының тумасы.

Аудиторияның ашылу салтанатына М.Дорофеевтің әріптестері мен курстастары, сондай-ақ онлайн-форматта әкімдік пен ҚР АҚДМ өкілдері қатысты.

л

Михаил Дорофеев туралы естеліктерімен мәдениет қайраткері, қазақстандық журналистика ардагері Любовь Монастырская да бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, М.В. Дорофеев ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Қазақстан Журналистика Академиясының академигі болды.