Қазақстан • 18 Қараша, 2021

Түркітілдес елдердің жac ғалымдарының онлайн конференциясы өтеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, 19 қараша күні Халықаралық Түркі академиясы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Елбасы – Түркі интеграциясының негiзiн қалаушы» атты түркітілдес елдердің жac ғалымдарының халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркітілдес елдердің жac ғалымдарының онлайн конференциясы өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына және 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылып отырған алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Асқар Омаров, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Жанар Темірбекова, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан қатысып, сөз сөйлейді. Сонымен қатар, онлайн форматта өтетін басқосуға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Башқұртстан (Ресей) мен Татарстан (Ресей) елдерінің жас ғалымдары қатысып, мазмұнды баяндамалар жасайды.

Конференция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14:00 басталады.

Zoom ID: https://us02web.zoom.us/j/83643780134...