Қазақстан • 18 Қараша, 2021

Ақылы жолмен жүру тарифі өзгере ме?

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ақылы автомобиль жолдарымен жүру тарифтері өседі ме? Бұл сұраққа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақылы жолмен жүру тарифі өзгере ме?

«Бүгінде бізде 2013 жылы енгізілген тарифтер қолданылады. Олар өскен жоқ және алдағы уақытта көтерілмейді. Мұндай мәселе қарастырылмайды. Тарифтердің көтерілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», деп атап өтті Берік Камалиев «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» халықаралық көрмесінің ашылуында.

Айта кетсек, елордада «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» халықаралық көрмесі басталды. Көрменің экспозициясы жол және аэродром жабындарын салу, жөндеу, күтіп ұстау бойынша заманауи технологияларды өндіру мен енгізуді жүзеге асыратын компаниялармен ұсынылған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина, Германия, Франция, АҚШ кәсіпорындары қатысады. Түркия экспозициясы бөлек ұсынылады.