Президент • 18 Қараша, 2021

Шекараны бекітуге атсалысқан дипломаттар мемлекеттік нагрдамен марапатталады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде шекараны бекітуге атсалысқан дипломаттар мемлекеттік нагрдамен марапатталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекараны бекітуге атсалысқан дипломаттар мемлекеттік нагрдамен марапатталады

«Бұл басқосу тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығы қарсаңында өтуде. Осы тарихи межеге біз толағай табыспен жетіп отырмыз. Қазақстан аймақтық және және жаһандық үдерістерге белсенді үн қосатын мемлекетке айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыртқы саясатымыздың негізін қалады. Оның тікелей басшылығымен кәсіби дипломатиялық қызмет құрылып, ауқымды сыртқы саяси міндеттер шешімін тапты», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануы айтулы жетіcтік екенін айтты.

«Бұл мемлекетіміздің қауіпсіздігін күшейтуге айрықша ықпал еткен шешімге айналды. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануы – айтулы жетіcтік. Бұған қол жеткізу үшін 20 жыл бойы табанды жұмыс атқарылды. Келіссөздерге қатысқан қызметкерлердің еңбегін еліміз жоғары бағалайды. Мен оларды мемлекеттік наградалармен марапаттайтын боламын», деді Президент.