Аймақтар • 18 Қараша, 2021

Алматыда балаларға вакцинация құжаты беріле бастады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жастар саясаты басқармасының басшысы Елнұр Асқаров хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде Алматының 12-17 жастағы 1 700-ге жуық жасөспірімі вакцинаның бірінші компонентін алған, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда балаларға вакцинация құжаты беріле бастады

Енді олар вакцинацияның электрондық паспортын eGov-mobile мобильді қосымшасынан жүктей алады.

Біз бір жарым жылға созылған шектеулерді есімізде жақсы сақтаймыз. Бұл жаңа оқу жылы вакцинацияның арқасында күндізгі форматта басталды. Егер біз санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауды жалғастыратын болсақ, егер жасөспірімдер вакцинацияланатын болса, біздің қала мен еліміз эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауынан құтыла алады, деп атап өтті Елнұр Асқаров.

Қазіргі уақытта мегаполистегі болашақ дәрігерлерді дайындайтын оқу ордасында 1 599 кәмелетке толмаған жасөспірім бар.

Олардың барлығы ұжымдық иммунитетті нығайту үшін вакцинациялауға дайын. Сонымен қатар, ЖОО-ның оқытушылар құрамы 100% вакциналанды. Бізде АМСК клиникасы бар. Кеше біз 18 жасқа толмаған вакциналанбаған студенттердің тізімін, ата-аналардың рұқсаттарын жинадық және екпе жасай бастадық, деді басқарма басшысы.