Президент • 18 Қараша, 2021

Тоқаев жаһандық шиеленістер өршіп келе жатқанын айтты

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде қазіргі пандемия әлемдік саясат пен экономикаға қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев жаһандық шиеленістер өршіп келе жатқанын айтты

«Індет басталғаннан бері әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаһандық шиеленістер өршіп келе жатыр. Бұл еліміз үшін бетбұрысты кезең. Алдымызда ұзақмерзімді міндеттер тұр. Біз Қазақстанның халықаралық беделін сақтап, әлемдік аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз. Осыған орай сыртқы саяси жұмыс тәсілдерін қайта саралап, жүйелі шаралар әзірлеуміз керек. Бұл міндетті табысты орындасақ, ұлттық дипломатия уақыт талабына және азаматтарымыздың сұранысына сай болады. Ең алдымен, мемлекетіміздің мүдессін лайықты қорғай аламыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Сыртқы істер министрлігінің осындай ауқымды басқосуы соңғы алты жылда алғашқы рет өткізіліп жатқанын еске салды.

«Сондықтан біз қордаланған түйткілдің бәрін мұқият талдап, ақылдасуымыз керек», деді Мемлекет басшысы.